«Кітаптар қалашығына шақырамыз» жобасы аясында «Ералаш» балабақшасының орыс тобы кітапханаға саяхатқа келді.

     Ә. Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының балалар әдебиеті бөлімі оқырмандарды кітапханаға тарту, кітапқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында балабақша бүлдіршіндерімен және мүмкіндігі шектеуі мектеп-интернат оқушыларымен және тәрбиешілерімен түрлі шаралар ұйымдастыруда.

      3 мамыр күні сағат 10.00-де «Кітаптар қалашығына шақырамыз» жобасы аясында «Ералаш» балабақшасының орыс тобы кітапханаға саяхатқа келді. Саяхат барысында бүлдіршіндер мультфильмдер тамашалап, ойындар ойнап, зор ықыласпен «сөйлейтін кітаптарды» тыңдады, ертегілерден дайындаған викториналық сұрақтарға жауап берді, өздері оқыған сүйікті ертегілерін, тақпақтарын айтты.

      Осы күні сағат 15.00-де облыстық №7 арнайы түзету мектеп- интернатының 9 сынып оқушылары кітапханаға саяхат жасады. Саяхат барысында балалар кітапхана бөлімдеріне, «Тәжібаев» мұражайына, «Тәуелсіз Қазақстан» залына саяхат жасап, «7 мамыр –Отан қорғаушылар күні», «9 мамыр- Жеңіс күні» тақырыбында әңгіме-шолу тыңдады және «Ұрпақтар ұмытпайтын Ұлы Жеңіс» атты кітап көрмесімен танысты.


 

 

 

 

 

 

 


 


03 мамыр 2016 ж. 16:38
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: