«Сиқырлы поэзия» (Ф. Оңғарсынованың шығармашылығына арналған әдеби кеш)

     2017 жылдың 27 сәуір күні «Жүрек жылуы» жобасы аясында Ә. Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы №1 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығымен бірлесіп Ф. Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылығына арналған «Сиқырлы поэзия» атты әдеби кеш өткізді. Әдеби кеш №1 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында өтті.

     Шара ақынның шығармаларын көпшілік оқырманға таныстыру, насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.

Кеш барысында кітапханашы Сәрсенова Жанна поэзия падишасы Ф.Оңғарсынованың шығармашылық жолына тоқталып, Р. Отарбаевтың шығармасы бойынша «Фариза мен Мұқағали» атты көріністі колледж студенттері орындады. Сондай-ақ, кеште нәзік иірім мен асқақ рухтан туған поэзия жауһарлары оқылып, әннен шашу шашылды.

     Тақырыпқа байланысты кітап көрмесі ұйымдастырылып, ақын шығармаларына шолу жасалынды.


 

 

 

 


 

27 сәуір 2017 ж. 18:48
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: