«Қазақстан достық мекені» (1-Мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған кітап көрмесі)

      2017 жылдың 28 сәуір күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының абонементтік қамтамасыз ету секторы

1-Мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесі қарсаңында «Қазақстан – достық мекені» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.

    Қазақстан түрлі ұлттардың басын қосқан ұлы мекен. Олардың салт-дәстүрлері, тілі мен мәдениеті жоғалмас үшін қолайлы жағдай жасалған. Көрменің мақсаты оқырмандарға көпұлтты Қазақстан Республикасының халықтар достығы – еліміздің бірлігінің кепілдігі екендігін таныту. Әр халықтың өнері, оның рухани байлығының негізін өскелең ұрпақ жүрегіне өз ұлтының тілін, дінін біле отырып, өзге ұлттың рухани байлығын сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.

   Көрмеге Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Мәңгілік ел», «Тәуелсіздік белестері», «Қазақстан халықтары Ассамблеясының 1-10 сессияларындағы баяндамалары жинағы» атты кітаптары, сонымен қатар В.Михайловтың «Н. Назарбаев – основатель казахстанской модели межэтнического и межконфессионального согласия», «Нурсултан Назарбаев», Ж. Кыдыралинаның «Этнос и религия в Казахстане: история и судьба» атты кітаптары қойылды.


 

 



28 сәуір 2017 ж. 19:03
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: