«Қазидың қайсар қаламы». Кітап көрмесі

    2017 жылдың 25 мамырда Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің студенттер сарайында журналист Қази Данабаевты еске алу кеші өтті. Осыған орай, Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Қазидың қайсар қаламы» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.

   «Сыр бойы» газеті – 90 жылға жуық тарихы бар басылым. Сыр өңірінің шығармашылық мектебінің өкілі, шығармашылықта өзіндік дара қолтаңбасын қалдырған, өмірден ерте озып кеткен Қази Соңғыбайұлы Данабай.

  Қази Данабаев журналистика саласымен қабат ғұмыр бойына көркем шығармашылықпен айналысты. Оның қаламынан туған «Гүлдәурен», «Ақ кептер», «Көктем тыныс», «Дария жыры» кітаптары басылды. Шығармашылық еңбегі «Сырдария кітапханасы» сериясымен «Сағыныш екен бала кез» атауымен кітап болып шықты.

   Журналистке қажетті байқампаздық, ұлтқа деген сүйіспеншілік, әділдік, болжампаздық, батылдық, өткірлік секілді қасиеттерді Қази Соңғыбайұлының мақалаларынан көруге болады..

   Қ. Соңғыбайұлы білім беру саласы туралы – «Жетістігіміз қандай, кемшілігіміз қайсы?», «Тестіден тиімді тәсіл бар ма?», «Қала балаларының білім таяз ба?», «Ұрпақ алдында ұлы жауапкершілік алдық» «Сынақта техникалық өзгеріс бар» мақалаларында ұрпақ тәрбиесі мен біліміне, кәсіби маманның біліктілігіне аса жанашырлық танытады.

   Журналист Қ.Данабай көтерген ауқымды мәселе – ел тарихы жайлы «Тағдыр мен тауқымет», «Сарыарқа тағдыры» тың игеру жылдарының ащы шындығын сандарды сөйлете отырып айтса, «Экспедицияны кім жасақтайды?» атты проблемалық мақаласы өлке тарихына қатысты құжаттарды жинақтау мәселесін көтереді. «Жеріне жете зерттейік» атты мақаласында журналист шежірені ғалымдардың жазғаны дұрыс деп пікір білдіреді. «Сибирский және басқалар...» атты мақаласында Ораз-Мұхаммедтің тағдырына байланысты деректер талданады. «Аманкелді мен Кенесары» атты мақаласында қазақ тарихына қатысты деректердің бұрмалануы және тарихты қайта жазудың маңыздылығы туралы ашына жазады.

   Көрмеге журналисттің қаламынан туған «Гүлдәурен», «Сырдария кітапханасы» сериясымен шыққан «Сағыныш екен бала кез», «Қыран қия» атты шығармалары, жазушы туралы ақын-жазушылардың сын еңбектері, баспасөз беттеріне жарияланған мақалалары, фотосуреттері қойылды.

 

 

 

 


29 мамыр 2017 ж. 16:27
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Код: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз
Кодты енгізіңіз: