«Зұлмат жылдар жаңғырығы». Кітап көрмесі

   2017 жылдың 30 мамыр күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Зұлмат жылдар жаңғырығы» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.

    Бұл дата Қазақстан үшін айрықша мағынаға ие. «Халық жауларын» анықтау бойынша қатаң саясаттың салдарынан қуғын-сүргінге ұшырағандардың өздері ғана емес, олардың жақындары да зардап шекті. Қазақстанда 103 мыңнан астам адам қуғын-сүргінге ұшырады, 25 мыңнан астамы ату жазасына кесілді. Олардың арасында қазақ зиялылары: ғалымдар, мәдениет және саясат саласының қайраткерлері болды.

   Қазақстанда 1997 жылдан бері жыл сайын 31 мамырда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні аталып келеді. Биыл жаппай саяси қуғын-сүргін жылдарының басталғанына - 80 жыл толып отыр.

   «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» деп аталатын көрменің бірінші бөліміне ХХ ғасырдың басында талайды сарсаңға салып, жаппай жазалаудың сол бір қиын қыстау кезеңдегі тағдырлары тәлкекке түскен саяси қуғын-сүргін құрбандары туралы Н.Назарбаевтың «Тарих толқынында», «Қазақстан тарихы», «Қазақ көтерілістері», М.Қозыбаевтың зерттеулері, «Қызылдар қырғыны», «Зобалаң», «Аза», «Боздақтар», «Алаш көсемсөзі», «Зауал», «Жазықсыз жағылған жала» әдебиеттері қойылған.

    Көрменің екінші бөлімі «Азалы жылдар жазбасы» деп аталады. Бұл бөлімге М.Қозыбаевтың «Ақтаңдақтар ақиқаты», В.Михайловтың «Ғаламат жұт шежіресі», «Қазақ қасіреті», «Қасіретті тағдыр беттері», Алаш партиясының қатарында болған Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М.Тынышбаев, X. Досмұхамедов, Ж. Досмұхамедов, Ж.Арыстанұлы т.б. ұлт зиялыларының шығармалары қойылды.

     Кітап көрмесіне 110-ға жуық кітап және баспасөз материалдары, фотосуреттер ұсынылды.


 

 


 

31 мамыр 2017 ж. 16:26
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: