«Балауса бағым, шаттық пен қуаныш»

«Балауса бағым, шаттық пен қуаныш»

/ мерекелік кеш/

 

2017 жылдың 1 маусым күні Ә. Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Халықаралық балаларды қорғау күніне орай балаларға шын көңілден шаттық, көңіл-күй сыйлап, мейірімділікке баулу, шығармашылық қабілеттерін шыңдау мақсатында «Балауса бағым, шаттық пен қуаныш»атты мерекелік кеш ұйымдастырды.

Мерекеге №136, № 233, №211 А.Байтұрсынов, №217 Б.Шалғынбаев атындағы орта мектептердің, №264, №23 Ж. Қизатов атындағы мектеп-лицейдің оқушылары және «Олимп» балалардың бос уақытын өткізу орталығынан бүлдіршіндері қатысып, туған жер, бақытты балалық шақ, достық, татулық туралы өлеңдерді жатқа айтып, ән шырқап, би билеп шараның қызықты өтуіне өз үлестерін қосты.

«Ералаш» балақшасының бүлдіршіндері мерекеде ең сүйкімді, талантты,

жұлдыздары болды.

«Рауан» шығармашылық интеллектуалды клубының мүшелері «Шалқан» ертегісінің желісі бойынша қуыршақ театры қөрініс қойды.

Мерекелік шараны қала мектептерінің жазғы лагерлерінде тынығушы балалар, кітапхананың белсенді оқырмандары, ата-аналар, ұстаздар тамашалады. Мереке соңында балаларға балмұздақ үлестірілді.

Кітапхананың аванзалын жас жеткіншектердің мерекелік көңіл –күйін көтеретіндей етіп түрлі – түсті шарлармен безендіріліп, «Бақытты балалар бейбіт елдің тірегі» атты кең көлемді кітап көрмесі ұйымдастырылды.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

01 маусым 2017 ж. 18:00
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Код: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз
Кодты енгізіңіз: