«Рәміздер – елдігімнің реңі, теңдігімнің тірегі» кітап көрмесі

   2017 жылдың 2 маусым күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің қабылданғанына 25 жыл толуына орай «Рәміздер - елдігімнің реңі, теңдігімнің тірегі» атты кітап көрмесінің ашылу салтанаты өтті.

    1992 жылдың 4 маусымында Президент Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздері туралы» Заңға қол қойды. Бұл күн еліміздің тарихында мемлекеттік рәміздеріміз- ту, елтаңба және әнұранымыздың алғаш рет бекітілген күні болып қалды. 2007 жылы Елбасы Жарлығымен 4 маусым - Мемлекеттік рәміздер күні ретінде бекітілді.

  Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеудің басты мақсаты - қазақстандық патриотизм, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жетістіктерін мақтан тұту идеяларын кеңінен дәріптеу және дамыту, қазақстандықтардыңМемлекеттік Ту, Елтаңба, Әнұранға деген терең құрмет сезімін қалыптастыру. Мерекелік шара мемлекеттік әнұранның орындалуымен басталды. Шараға Қорқыт ата атындағы мемлекеттік университетінің оқытушылары, Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі Департаментінің әскери қызметшілері, сонымен қатар жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студенттері қатысты.

   Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің профессоры тарих ғылымдарының докторы Сәтбай Тастанбек Яхияұлы, Қызылорда темір жол учаскесі мен станциясы әскери қатынастар коммендатурасы әскери комендантының аға көмекшісі аға лейтенант Жақсылық Ердәулет Нұрланұлы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің қабылданғанына 25 жылдық мерекесімен құттықтап, «жүрегі қазақ деп соққан әрбір азамат мемлекеттік рәміздерді мақтан тұту керек», - деп өз ойын білдірді. Жастар мемлекеттік рәміздер туралы өлеңдер оқыды, патриоттық әндер орындалды.

  Көрмеге Ата заңымыз «Қазақстан Республикасының Конституциясы», «Елтаным», Ы.Сағынтаевтың «Қазақстан Республикасының рәміздері», Н.Назарбаевтың «Тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы» Е.Шаймерденовтың «Қазақ елінің рәміздері» «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің қалыптасу тарихы»т.б мемлекеттік рәміздердің тарихы мен маңызы жайлы, авторлардың өмірбаяны, егемендікті еншілегенге дейінгі еліміздегі тарихи рәміздер туралы материалдармен мерзімді басылымдар мақалалар қойылды. Шара соңында кітап көрмесіне шолу жасалды.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

02 маусым 2017 ж. 11:52
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Код: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз
Кодты енгізіңіз: