«Ертегі кейіпкерлері шақырады»

    Балалардың ертегі кейіпкерлері туралы білімдерін кеңейту, ойлау, қайта жаңғыртып еске түсіру арқылы адамгершілікке, мейірімділікке және адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, мәнерлеп сөйлеуге баулу, шығармашылық қабілетін дамыту мақсатымен 15 маусым күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Ертегі кейіпкерлері шақырады»атты мерекелік кеш өткізілді.

   Мерекелік кеш қазақ халық ертегілерінің шығу тарихына шолу жасаудан басталды. Оқушылар тақырыпқа сай әсем ән айтып, «Мақта қыз бен мысық» ертегісін сомдап шықты және де әлем халық ертегілерінің кейіпкерлері бейнеленген суреттер бойынша өте қызықты сұрақтар қойылды. Жан-жануарлар туралы жұмбақтар жасырылып, бірі жүріс-тұрысын, бірі дауысын салды.

    Аталмыш шараға № 278 орта мектеп, №4 Сәкен Сейфуллин атындағы мектептердің күндізгі лагерь оқушылары белсене қатысты.

Соңында оқырмандар мультфильм тамашалады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

15 маусым 2017 ж. 16:53
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Код: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз
Кодты енгізіңіз: