«Зерек бала»

      Оқушыларды тез ойлауға, жауаптарын тиянақты, жүйелі айта алуға, топ алдында еркін сөйлеуге баулу, оқушылардың үш тұғырлы тілге деген сүйіспеншілігін арттыру, мәнерлеп айта алу дағдысын қалыптастыру мақсатында 16 маусым күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Зерек бала» атты үш тілде зияткерлік сайыс өткізілді.

    Зияткерлік сайысқа №278 орта мектептің «Ақжелкен» күндізгі лагері қатысты. Сайыс барысында оқушылар «Алғырлар» және «Білгірлер» болып екі командаға бөлініп, «Білімді мыңды жығар» /сөздердің үш тілде айтылуы/, «Бояулар сыры» /үш тілде боулардың атын атап беру/, «Кім зерек?» /берілген сөздерге байланысты суреттер салу/ зияткерлік ойындарынан сүрінбей өтті. Сайыс нәтижесі бойынша «Алғырлар командасы жеңіске жетті.

   Соңында оқушылар аванзалда орналасқан «Ехро 2017 – Тәуелсіздік жемісі» атты кітап көрмесімен танысып, кітапхана бөлімдеріне саяхат жасады.

 

 

 

 

 

 

 


16 маусым 2017 ж. 18:47
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: