Туған жер тұғырың, туған тіл қыдырың

   2017 жылдың 28 маусым күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы абонементтік қамтамасыз ету секторының жанынан құрылған «Кездесу» клубы мүшелерінің қатысуымен « Туған жер тұғырың, туған тіл қыдырың » атты дөңгелек үстел өткізілді.

   Шараның басты мақсаты «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты ҚР Президентінің мақаласын талқылау.

   Шараға клуб мүшелері: зейнеткер Р.Арғынбаева, Ж.Иманбаева, А.Сабырбаев, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің филология ғылымының кандидаты, доцент А.Айтбаева,

Әл-Фараби атындағы Қаз ҰУ-нің дінтану және мәдениеттану кафедрасының РНД доктаранты, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің аға оқытушысы А.Жұбатыр, №23 мектеп мұғалімі М.Маратова қатысып, осымақалада рухани салаға ерекше көңіл бөлінгендігін және бұл мемлекет дамуының үшінші тұғыры болуы тиістігін әңгімеледі. Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласы стратегиялық маңызға ие, жасампаз халқымыздың жарқын болашағын айқындайтын ойтолғам. Президент өз мақаласында қазақ халқы, жалпы қоғамымыз қалай ілгерілеуі керек деген күрделі мәселелерді көтерді. Атап айту керек, бұл мақала зиялы қауым өкілдерін бей-жай қалдырған жоқ. Көтерілген мәселелерде еліміздің ертеңгі бағыт-бағдары айқындалған. Ең басты, яғни негізгі мәселенің бірі - «Туған жер» бағдарламасының қолға алынатындығы. Біз өскен өңірімізді жақсы көріп, туған жерімізді мақтан ету арқылы Отанымызға, мемлекетімізге деген сүйіспеншілігіміз арта түседі. Сонымен қатар, мақаладағы басымдықтардың бірі - қазақтың салт-дәстүрін, ұлттың мәдени кодын халықаралық, гуманитарлық, экономикалық процестерге сәйкестендіріп, сол үдерістерге ілестіріп жіберу болып табылады.

   Дөңгелек үстел барысында «Кездесу» клуб мүшелері Елбасы мақаласының мақсатына, ұлттық сананың жаңғыруы, бәсекелік қабілет, білімді дамыту, ұлттар достығын нығайту мәселелеріне тоқталды. Қазақстанның басты рухани құндылықтары кеңінен талқыланған жиын соңында қатысушылар өзара пікір алмасты.

   Мақалада көрсетілген «Ұлттық сана», «Туған жер» бағдарламасы, «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық», «100 жаңа есім», «Мәдени-географиялық белдеу», «Бәсекелік қабілет», «Прагматизм», «Ұлттық бірегейлікті сақтау», «Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы» және өзге де мәселелер турасында кеңінен әңгіме қозғалып, қатысушылар тарапынан қолдауға ие болды.

   «Рухани жаңғыру - ұлттың жаңғыруы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, кітаптарға библиографиялық шолу жасалды.

 


28 маусым 2017 ж. 17:22
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Код: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз
Кодты енгізіңіз: