«Айбыны асқақ, тұғыры биік Астана»

   Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында елордамыз - Астана күніне арналған Айбыны асқақ, тұғыры биік Астана» атты кітап көрмесінің ашылу салтанаты өтті.

   Көрменің мақсаты: жас буынның рухани-адамгершілік құндылықтарын дамытуға, өскелең ұрпақтың бойында азаматтық жауапкершілікті және отансүйгіштікті қалыптастыруға бағытталған.

   Салтанатты шараға Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ержан Уәйіс, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің профессоры Қазыбай Құдайбергенов, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ұланы Оңтүстік өңірлік қолбасшысының 5547 әскери бөлімі сарбаздары, кітапхананың белсенді оқырмандары қатысты.

   Шарада Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ержан Уәйіс құттықтау сөз сөйлеп, облыстық кітапханаға Елбасымен бірге түскен фотосуретін сыйға тартты.

   Көрмеге Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасын тұлға, әлемдік деңгейдегі саясаткер, елдің қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық өміріндегі көрегенді және жасампаз өзгерістердің бастамашысы, жетекшісі және қатысушы ретінде сипаттайтын түпнұсқалық тарихи әдебиеттерді, баспасөз материалдарын, Елбасының жаһандық деңгейдегі кемеңгер саясаткер ретіндегі рөлі жан-жақты көрсетілген әдебиеттер қойылды.

   Сондай-ақ Қазақстан Республикасының астаналарының қысқаша тарихы мен Астана туралы 50-ге жуық фотосурет, елорданың өткенінен және бүгінінен сыр шертетін туындылар, Астананың қазіргі келбетін, болашағын баяндайтын мол материалдар қойылды. Отанымыздың қарқынды жылдамдықпен дамып, мәдениетте, білім мен экономикада жеткен жетістіктерін паш ететін әдебиеттер, Астана қаласына арналған шығармалар ұсынылды. Кітап көрмесіне 350 кітап, 50 фотосурет қойылды.


 

 

 

 

 



05 шілде 2017 ж. 12:48
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Код: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз
Кодты енгізіңіз: