KITAPKHANA.KZ
kz ru

«Рухани жаңғыру - ұлттың жаңғыруы»

     2017 жылдың 17- 21 шілде аралығында Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханысының аванзалында «Рухани жаңғыру - ұлттың жаңғыруы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бола­шаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақала­сындаҰлттық сананы жаңғыртқанда өзіміздің, қазақстандық дербес даму үлгісін қалыптастыруымыз керектігі баса айтылған. Бұл – қазақтың барлық ұлттық салт-дәстүрлерін, ең бас­тысы, мем­лекеттік тіліміз бен әдебиетімізді, мәдениетімізді, қазақи ру­хы­мызды жаңғырту. Өскелең ұрпақтың бойына елжандылық, ұлтжандылық қасиеттерін сіңіру.

    Осы орайда оқырмандарға ұсынылған Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың «Мәңгілік ел. Ғасырға бергісіз жылдар» атты кітабында Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік, саяси дамуы туралы мәліметтер берілген. «Ұлы дала тарихы» кітабында халықтың ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырған ауызша тарихына, шежіреге тоқталады. «Менің Отаным-Қазақстан» атты кітапта өз еліміздің тарихы, табиғаты мен мәдениеті және абзал адамдары туралы тыңғылықты ақпараттар ала аласыздар.

    «Қазақтың батырлық жырлары» жобада Алпамыс батыр бастаған ел қорғаған елу таңдаулы батыр туралы жырлар қамтылған. «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жарық көріп отырған «Қазақтың дәстүрлі 1000 әні», «Қазақтың дәстүрлі 1000 күйі» жобаларының заңды жалғасы ретінде ата-бабаларымыздың мәдени мұрасын түгендеуге қосылған лайықты үлес әрі болашақта жаңа жырлармен толыға түсетін бірегей жоба.

    «Даналық әліппесі» жобасында «Билер сөзі», «Қобыз үні», «Бесік жыры», «Нақыл сөздер», «Халық тағылымы» және «Даналық әліппесі» инновациялық сөйлейтін қалам оқырмандардың өз Отанын сүйетін әрі текті елдің тұлғалы азаматтары болып өсулеріне халқымыздың асыл мұраларын игеріп, рухани тұрғыдан байи түсулеріне ықпал ететін құнды дүние. «Ұлы дала елі» бұл кітапта халықтың көне заманнан сақталған дәстүрлі өнерінен бастап еуропалық классикалық үлгілер, заманауи озық бағыттар кеңінен қамтылған. «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жарық көріп отырған 20 томдық «Әдеби жәдігерлер» және «Бабалар сөзі» ұлттық мәдениетіміздің тарихын қайта жаңғыртатын мол мұра болып табылады.

      Кітап көрмесіне жалпы 300-ге жуық кітаптар қойылды.

 


18 шілде 2017 ж. 17:30
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз:
x