Кітап - білімнің кілті. Ашық есік күні

   Елбасымыз Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын негізге ала отырып, Қазақстан Республикасының Ұлттық Академиялық кітапханасы Қазақстан бойынша 1 қыркүйек – Білім күніне орай «Рухани жаңғыру және білімді ұрпақ» тақырыбында Ашық есік күнін жариялап отыр.

   Осыған орай Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 5 қыркүйек күні «Кітап – білімнің кілті» атты ашық есік күнін ұйымдастырды. Ашық есік күні аясында балалар бөлімінде «Кітаптар әлемге жол ашады» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге көркем әдебиет, тарихи және танымдық әдебиеттер, анықтамалар мен «Атамұра» мектеп кітапханасы, «Мектеп кітапханасы», «Даңқты адамдар», «Бөбекке арнаймын» сериялары бойынша жаңадан келіп түскен әдеби кітаптар қойылды. Кітапхана қызметкерлері көрмеге шолу жасап, оқушыларды жаңа басылымдармен таныстырды. Шара соңында оқушылар кітапханаға саяхат жасады.


 

 

 

 

 

 

 


05 қыркүйек 2017 ж. 16:09
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: