«Жыр әннің елі, Тұранның төрі - Сыр Елі» (Қала күніне арналған кітап көрмесі)«Жыр әннің елі, Тұранның төрі - Сыр Елі» - атты бес бөлімнен тұратын суретті кітап көрмесі Сыр өңірінің өткені мен бүгіні, болашағы жайлы көп мағлұмат береді. Көрме «Шежірелі Сыр елі», «Жаңарып, жасанған шырайлы шаһар», «Туған ел тұлғалары», «Жыр-жақұт жырдың арнасы», Сыр елінің өнері мен мәдениеті» атты бөлімдерге топтасқан. Қойылған әдебиеттер қасиетті де киелі мекеннің тарихи-танымдық шежіресінен сыр шертеді. Көрмеге кітапхана қорындағы Сыр елінің археологиясы, туған елдің тұлғалары жайлы кітаптармен қатар болашаққа өзінің нақты істерімен қадам басып, өркендеген өлкеміздің тұрмыс-тіршілігі, әлеуметтік жағдайы, өнері мен мәдениеті, әдебиеті жайлы жаңа кітаптар қойылған. Кітап сүйер қауымды кітап көрмесімен танысуға шақырамыз!
|