Құрметті оқырмандар!

Кітапхананың өнер бөліміне қазақтың зергерлік өнерінің ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейінгі бірқатар озық үлгілері мен еліміздің танымал қолөнер шеберлерінің туындылары қамтылған «Зергерлік өнер әлемі» атты 2 томдық, 132 Қазақстан суретшілері мен декоративті-қолданбалы өнер шеберлерінің шығармашылығы қамтылған «Қазақстан халқының өнері» атты кітабы (қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде), «Мәңгілік ел – Қазақстан» фотоальбомы, отандық және әлемдік танымал суретшілердің репродукциялары берілген «Мәңгілік құндылықтар. Вечные ценности» атты жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттеріне арналған оқу құралы келіп түсті. Сонымен қатар назарларыңызға Роза Сүлейменованың «Музыка пәнін оқыту әдістемесі», дәулескер күйші Секен Тұрысбектің күй, әндерінің «Тәтті мұң» атты клавир-партитуралары, Нәзира Рахманқызының «Қазақ киносы: кеше және бүгін» атты кітабы ұсынылады.

Өнер бөліміне келіп, жаңа әдебиеттермен танысыңыздар!


 

20 қыркүйек 2017 ж. 12:50
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: