«Досыңа кітап сыйла»

     Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының мақсаты мен мүддесін қалың бұқараға жеткізіп, кең көлемде насихаттау жұмысына ерекше мән беріліп отыр. Ұлтымыздың рухын көтеретін бірден-бір озық ойлы мақалада: «Біртұтас ұлт болуымыз үшін ең алдымен ұлтымыздың рухы мықты болуы керек. Абайдың даналығы, Әуезовтың ғұламалығы, Жамбылдың жырлары, мен Құрманғазының күйлері, ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үні - бұлар біздің рухани мәдениетіміздің бір парасы ғана. Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз керек»,-делінген.Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана қызметкерлері де рухани жаңғыруға өзіндік үндерін қосып, 20 қыркүйек күні «Досыңа кітап сыйла» акциясын өткізді. Акцияның мақсаты – салт-дәстүрімізді, тілімізді, әдебиетімізді, ұлттық құндылықтарымызды сақтай отырып, оны ұрпақтан – ұрпаққа жеткізу. Адамзат жасаған ең ұлы кереметтердің бірі - Кітаптың құдіретті құрал екенін жастарға ұғындыру. Акцияға Қызылорда қаласының зиялы қауым өкілдері мен танымал жас ақындар, клуб мүшелері, белсенді оқырмандар, студент жастар қатысты.

     Акция аясында ұйымдастырушылар жас буыннан бастап кемел жасқа дейінгі адамдардың қызығушылығына жауап беретін тартымды көрмелер ұсынды. Кітапхана алдындағы алаңда ашық кітап көрмесі жұмыс жасады, кітапханаға келушілердің емін-еркін кітап қарауға, әдеби-көркем, танымдық және көпшілік журналдарды қарап, аудио дискілермен танысу мүмкіндігі болды. Мұнда «Әлем адымын айқындайтын идеялар» (Нобель сыйлығы лауреаттары туралы және осы сыйлыққа ие болған жазушылардың шығармалары туралы ақпараттар) атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Елбасының жаңашыл жағымды ұсыныстарының бірі – қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру. Қазақ әліпбиінің тамырының тым тереңде екені, латын әліпбиіне көшу қазіргі заманауи технологияның, ХХІ ғасыр ғылымы мен білімнің талабы екендігі айтылып, қатысушылар «Латын әліпбиіндегі кітаптар керуенін» және «Заманауи әдебиеттер шеруін» тамашалады.

     Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Қ.Жәленова, ақын –ұстаз Р.Наурызбаева, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің профессоры Қ.Құдайбергенов, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің оқытушысы, ф.ғ.к. А.Айтбаева,Ұ.Жаңбыршиева, кітапхананың жастар арасында «Үздік оқырман» байқауының жеңімпазы Айжан Байтенова, белсенді оқырмандар М.Маратова, Ж.Сүгірбай өздерінің алғашқы оқыған кітабы жайында әңгімелей отырып,сол кітапты оқуға шақырып, кітаптарын достарына сыйға тартты.

     Акцияға қатысушылар ақын-жазушылар еңбектерінен үзінділер оқып, өлеңді жалғастыр, кітаптың авторын тап, логикалық сұрақтарға мақалмен жауап қайтару сияқты викториналық ойындарға қатысып, сыйлықтарға ие болды.


 

 

 

 

 

 

20 қыркүйек 2017 ж. 13:05
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: