Құрметті оқырмандар!Кітапхананың өнер бөліміне жаңадан өнер адамдарына және болашақ музыка мамандарына арналған көптеген әдебиеттер келіп түсті. Дауыс қою методикасы, кәсіби билердің қыр-сыры, сурет өнері және театр қойылымдарын сахналауға үйрететін әдістемелік құралдар, әлемдік деңгейдегі авторлардың кітаптары сіздерді асыға күтеді! Ресей баспаларынан шыққан басылымдар жоғары және орта арнаулы музыкалық оқу орындарының оқытушылары мен студенттеріне, кәсіби мамандарға арналады. Барлық кітаптардың қосымша DVD-дискілері бар. Келіңіздер! Жаңа әдебиеттермен таныс болыңыздар!
|