«Алаштың асыл перзенті»22 қыркүйек күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармаларын насихаттауға арналған «Алаштың асыл перзенті» атты әдеби қазба ұйымдастырды. Өз дәуірінде жанартаудай жарып шыққан, қара түнде жарқылдаған найзағайдай жалын атқан, әдебиетте не бары он-ақ жыл қалам тебіренткен С.Торайғыровтың өлең-жырлары өз алдына бір шынар болса, «Қамар Сұлу», «Кім жазықты» романдары, «Кедей», «Адасқан өмір» поэмалары, «Ауырмай есімнен жаңылғаным» әңгімесі қазақ әдебиеті әлемінде шыншыл сырларымен, көркемдік сипаттарымен келешек ұрпақтан-ұрпақ қадірлеп оқитын классикалық ұлы туындыларға айналды. Аталған шараға №144 С.Әлжіков атындағы қазақ орта мектеп оқушылары ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған «Көңілді көндіретін тағдыр», «Поэма жанрына қосқан үлесі» тақырыптарында зерттеу жұмыстарын жүргізді, ал №12 І.Қабылов атындағы орта мектеп оқушылары С.Торайғыровтың «Адасқан өмір», «Айтыс» поэмаларынан үзінділерді жатқа оқыды. Шараның қорытынды бөлімінде С.Торайғыровтың шығармаларын оқуға оқырмандарды тарту мақсатында қатысушы топтар мен көрермендер бірлесе отырып, хабарландырулар мен жарнамалар дайындады. Соңында
С.Торайғыровтың шығармашылығына арналған «Алаштың
асыл перзенті» кітап көрмесімен танысты.
|