«Табысты адамдар – табысты ел» «Дидар» ақпараттық клубының отырысы

    Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 2017 жылдың 29 қыркүйек күні «Дидар» ақпараттық клубының кезекті отырысы өткізілді.

   Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын насихаттау мақсатында «Табысты адамдар – табысты ел» тақырыбында өткен шарада бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, ұлттық код, білімнің салтанат құруы, Қазақстанның эволюциялық дамуы, сананың ашықтығы және «100 жаңа есім» жобасы талқыланды.

Шараға өңіріміздегі «Сыр бойы»,«Ақмешіт апталығы»,«Халық», «Ақмешіт жастары» газеттерінің тілшілері мен «Болашақ» университетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика» факультетінің студенттері қатысты.

    Шара соңында ұлт көшбасшысының бұл бағдарламасы жастарға біраз қанат бітіргенінің куәсі болдық.


 

 

 


 

29 қыркүйек 2017 ж. 16:10
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: