Кітап – ғасыр мұрасы

   Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 2017 жылдың 29 қыркүйек күні сағат 10.00-де №1 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында 1-қазан Халықаралық Қарттар күніне арналған «Кітап – ғасыр мұрасы» атты көшпелі жаңа әдебиеттер көрмесін ұйымдастырды.

  Қызмет алушыларға кітапханаға соңғы келген көркем әдеби шығармалар, өзіңді жетілдіру туралы әдебиеттерді таныстыру мақсатында кітап көрмесі ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жасалынды. Көрмеге 125 кітап және мерзімді басылымдар қойылды.

  Көрмеге көрнекті жазушы Мұқтар Мағауиннің әңгімелері мен романдары топтастырылған «Көкбалақ» атты кітабы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Несіпбек Айтұлы туралы «Бостандық жырының бозжорғасы» атты туынды, Жұмекен Нәжімеденовтің соғыстан кейінгі жылдардың ауыртпалығы, ауыл адамдарының қажымас қайраты, ел тірлігін жан-жақты бейнелеген «Кішкентай» атты романы, белгілі жазушы Марал Ысқақбайдың тарих, мәдениет, әдебиет, өнер тақырыбына жазылған ой-толғаныстары, мақалалары енген «Қайта жанған жұлдыздар» атты еңбегі, Орынбасар Дөңқабақтың «Дәуір дүлдүлдері», Арғынбай Бекбосынның «Медаль за город Будапешт» атты кітабы, Ордалы Қосайдың «Кешені көрсін бүгінгі» атты еңбектері қойылды.


 

 

 

 


 

29 қыркүйек 2017 ж. 19:19
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: