Халықаралық қарттар күніне арналған «Мейірімділік жүректен» атты Ашық есік күні.

   Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 4 қазан күнісағат 10.00-де №1 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының қызмет алушыларымен Халықаралық қарттар күніне орай «Мейірімділік жүректен» атты Ашық есік күні өтті. Мақсаты: қызмет алушылардың рухани көзқарасын кеңейту, еліміздің мәдени және рухани мұрасын насихаттау, кітапхана қорындағы сирек және құнды кітаптармен сондай-ақ, қолжазбалармен таныстыру. Фойеде телеэкраннан кітапхана жайлы, оның тарихы мен жетістіктері туралы бейнефильм көрсетілді. Сондай-ақ қызмет алушылардың назарына «Рухани жаңғыру – ұлттың жаңғыруы», «Жаңа әдебиеттер», «Жыр әннің елі, Тұранның төрі Сыр елі» атты тақырыптық көрмелер ұсынылды.

   Қонақтар Қазақстанның халық жазушысы, аудармашы, драматург «Қалтай Мұхамеджановтың жеке кітапханасы» залымен, Тәуелсіздік залын және рухани қазынаға толы бөлімдермен танысып, дөңгелек үстел басында өз ойларымен бөлісті.


 

 


 

04 қазан 2017 ж. 16:39
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Код: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз
Кодты енгізіңіз: