«РУХАНИ КЕЛІСІМ – БІРЛІК ПЕН ТҰРАҚТЫЛЫҚ КЕПІЛІ» (Рухани келісім күніне арналған кітап көрмесі)Біздің еліміз – көп этносты, көп мәдениетті және көп конфессиялы мемлекет. Өркениеттер тоғысында тұрған Қазақстан Шығыс пен Батысты, Еуропа мен Азияны, түрлі мәдениеттер мен діндердің адамдарын жақындастыруда елеулі рөл атқарады. Оны «өркениеттер қиылысы» деп тегін атамаған. Қазақстанда діндердің бейбіт қатар өмір сүруінің өзі оның әлеуметтік және рухани өміріндегі тұрақтылықтың кепілі болып отыр. 1992 жылы Алматы қаласында Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен рухани келісімнің Бүкіләлемдік Бірінші Конгресі өткен. Аталмыш жиынның өткізілуі көптеген шет мемлекеттердің тарапынан үлкен қолдау тапты. 18 қазан - Рухани келісім күні ретінде еліміздің атаулы күндерінің қатарына қосылды.Осы уақыттан бастап бұл мереке елімізде жыл сайын лайықты деңгейде аталып келеді. Осыған орай Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының аванзалында «РУХАНИ КЕЛІСІМ – БІРЛІК ПЕН ТҰРАҚТЫЛЫҚ КЕПІЛІ» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Шараның мақсаты: жастардың, өскелең ұрпақтың бойына рухани адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға ықпал ету. Көпұлтты мемлекетімізде және бүкіл әлемде келісім мен өзара түсіністікті насихаттау мақсатында ұйымдастырылып отырған кітап көрмесіне «Елбасы Н.Ә.Назарбаев – этносаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық үлгісінің негізін қалаушы», «Қазақстан конфессияаралық келісім орталығы», Ә.Нысанбаевтың «Тәуелсіздік. Демократия. Гуманизм», «Ислам ынтымақ пен бірлік жолында», Ахетов А. «Святое притяжение отчизны», «Актуальные вопросы государственно-конфессиональных отношений в Республике Казахстан», Лаумулин М. «Геополитические процессы в исламском мире», «Мен Қазақстанның азаматымын», «Казахстан и страны мира», «Народы Казахстана», «Қазақтар және түрік әлемі» тағы басқа жалпы саны 115 кітаптармен қатар мерзімді басылым беттерінде жарық көрген мақалалар қойылды. Көрмеге кітапхана оқырмандары, кітапханашылар қатысты.
|