«Сырдың саңлақ перзенті»

    2017 жылдың 20 қазан күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы қоғам және мемлекет қайраткері, академик Шахмардан Есеновтың туғанына 90 жыл толуына орай Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің студенттер сарайында өмір жолы мен қызметіне арналған «Сырдың саңлақ перзенті»атты кітап көрмесін ұйымдастырды.

      Шахмардан Есенов 1927 жылы тамыздың 5-інде Қызылорда облысының Шиелі ауданы Тартоғай ауылында дүниегекелген.

Сол жерде мектепте оқып, орталау білім алады, Қызылордадағы педагогикалық техникумға оқуға түседі, оны 1944 жылы тәмәмдайды. Техникумды бітірісімен Қазақ тау-кен институтының геология-барлау факультетіне оқуға қабылданады.

     Қазақстанның көрнекті ғалымы, қоғам қайраткері, 1961 - 1967 және 1974 - 1976 жылдар аралығында ҚазКСР Геология министрі, ҚазКСР Министрлер кеңесі Төрағасының орынбасары (1965), геолог, ҚазКСР Ғылым академиясының академигі, геология-минералогия ғылымдарының докторы, Лениндік сыйлықтың лауреаты, ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Оның атағын, марапаттары мен наградаларын және ғылыми еңбектерін толық тізіп шығу мүмкін емес. Өз заманында ол геология ғылымы мен геологиялық қызметтің дамуына, Қазақстан Ғылым академиясының қалыптасуына орасан зор үлесін қосты. Ол әлемдегі ең ірі –Жезқазған өңіріндегі және Маңғыстау облысындағы (Өзен, Жетібай т.б.) пайдалы жер асты қазбаларына толы кен орындарын алғаш ашып, игерушілердің бірі болды.

      Ол Кеңес Одағының басшылығын Маңғышлақ түбегін Қазақстанның құрамында қалдыруға көндірді. Сондай-ақ, ғалым әл-Фарабидің ең маңызды еңбектерінің Қазақстанда бірінші шығарылымын ұйымдастырды.

         Қазақ геология ғылымының өркендеп дамуы Шахмардан Есеновтің есімімен тікелей байланысты.

Шахмардан Есенұлы Есенов – Қазақстан ғылымы мен өндірісінде өшпестей із қалдырған бірегей ғалым, ұйымдастырушылық және адами қасиеттерімен ерекшеленген қазақтың мақтанышының бірі!

    Шахмардан Есенұлы Есеновтің мерейтойына арналған кітап көрмесі 3 бөлімнен тұрады. «Геология ғылымының ғұламасы», «Шоқтығы биік Шахмардан», «Қайраткер». Бірінші бөлімге ғалымның өмірі мен студенттік жылдарынан, туған жері мен отбасы жайлы фотоматериалдар, Абдолла Дәулетұлының: «Мәуелі әулет» және «Сыр саңлақтары», Қазақ геология ғылымының өркендеп дамуына орасан зор үлесін қосқаны, белсенді қоғам қайраткерлігі және ғалыммен қызметтес болған замандастарының естеліктері туралы жазылған Гүлсім Оразалықызының «ШахмарданЕсенов Ғибратты ғұмыр» атты кітабы т.б қойылды.

   Келесі бөлім Ш.Есеновтың өнегелі істері қоғам үшін, халқы үшін атқарған қызметтері жайлы баспасөз ьетінде жарияланған материалдар, марапаттары, геология-минерология саласына және жалпы ғылымның дамуына қосқан үлесі туралы кітаптармен толықты.

 

Үшінші бөлімде Ш.Есеновтың Қазақстанның геологиясы мен металлогениясын зерттеу тарихында терең із қалдырғаны жөнінде көрнекті ғалымдардың, мемлекеттік қайраткерлердің пікірлері жаряланған материалдар оқырмандар назарына ұсынылды.

     Кітап көрмесіндегі материалдар Шахмардан Есенов жайлы мол мағлұмат бере отырып, оның азаматтық келбетін сомдайды.


 

 


20 қазан 2017 ж. 19:02
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: