«Қариялар – қоғам қазынасы» (мерекелік кеш)2019 жылдың 26 ақпан күні «Жүрек жылуы» жобасы аясында Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы №1 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында «Қариялар – қоғам қазынасы» атты мерекелік кеш ұйымдастырды. Кештің мақсаты қарт зейнеткерлерге қамқорлық жасау, көңіл-күйлерін көтеру. Қарияларды құрметтеп, олардың алдындағы перзенттік парызын үлкен ынтамен орындап, әдептілік, кішіпейілділік, сергек сезімталдық көрсеткен М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледж және Қазанғап атындағы музыкалық колледжінің студент жастары қарияларға өз өнерлерін көрсетіп, жақсы көңіл-күй сыйлады. |
Гости11
Роботы12
Кітапхана тарихы
Кітапхана алғаш рет 1867 жылы Перовск қаласында (қазіргі Қызылорда) Ақмешіт уезінің әскери бекінісінің халқы үшін ашылды. Кітапхана Ресейдің қалаларынан революциялық қозғалысқа қатысқаны үшін патша үкіметінен жер аударылған озық прогрессивті ойлы адамдармен ұйымдастырылды. Кітапхана...
Толығырақ