«Кім ақылды, кім зерек» ойын викторинасы4 маусым күні «Кітапханадағы жазғы лагерь» жобасы аясында «Кім ақылды,кім зерек?» тақырыбында ойын викторинасы ұйымдастырылды. Шараның мақсаты:балалардың ойлау қабілеттерін арттыру, білімді, дарынды болуғатәрбиелеу.Ойын сайысқа Ы.Алтынсарин атындағы №10 мектеп-лицейдің күндізгі тынығу лагерінің оқушылары қатысты. Балалар «Білгенге маржан», «Мақал сөздің мәйегі», «Тапқыр болсаң тауып көр», «Ойлан,тап» атты кезеңдерінен мүдірмей өтіп, өз білімдерінің жан-жақтылығын, логикалық ойлау қабілетін жеткізе білді. Шара соңында балалар кітапханаға саяхат жасап , жаңа әдебиеттермен танысты. |