«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атты интеллектуалды ойын

     16 маусым күні Ә. Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Кітапханадағы жазғы лагері» жобасы бойынша балаларды кітапханаға тарту, ой-өрісін, логикалық ойлау қабілетін дамыту, білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу мақсатында «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атты интеллектуалды ойын ұйымдастырылды. Шараға Ә.Мүсілімұлы атындағы № 101 мектеп- лицей оқушылары қатысты.

    Балалар «Ұшқыр ой», «Мақал – сөздің мәйегі», «Бәрін білгім келеді» атты кезеңдерінен мүдірмей өтіп, өз білімдерінің жан-жақтылығын, қабілеттері мен тапқырлықтарын шыңдай түсті. Шара соңында балалар кітапханаға саяхат жасап , жаңа әдебиеттермен танысты.





 
 
16 маусым 2021 ж. 12:55
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: