«Мусин мұрасы» атты кітап көрмесі

        2 ақпан күні композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Қапан Мусиннің 100 жасқа толуына арналған «Мусин мұрасы»  атты кітап көрмесі дайындалды. Көрменің мақсаты -  оқырман қауымға композитор Қапан Мусиннің өмірі мен шығармашылығын жақын таныстыру.

        Қапан Мусин 1921 жылы ән мен күй үзілмейтін отбасында дүниеге келген. Жастайынан домбырада ойнап, ән шығарған және атақты әнші мен күйшілердің туындыларын домбыраға өзі салып, ойнаған. 1941 жылы басталған Ұлы Отан соғысы Қ.Мусиннің шығармашылық тағдырына ықпалын тигізбей қоймады. Қ.Мусин жасақшылар тобына қатысып, сонан соң майданға аттанды.

        Мусин қазақ композиторларының арасында алғашқылардың бірі болып симфониялық шығарма жазды. Симфониялық музыка композитор шығармашылығының шыңы болып табылады. Қапан Мусин – оркестрлік музыкаға жол салған алғашқы композиторлардың бірі.

        Көрмеге композитордың өмірбаяны жазылған энциклопедиялар,  анықтамалық басылымдар, мерзімді басылым беттері және шығармалары енген әдебиеттер қойылды.


 

 
02 ақпан 2021 ж. 16:36
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: