KITAPKHANA.KZ
kz ru

«Бала көңілі – базар» атты поэзия сағаты

  18 қараша күні «Балалар әдебиеті жылы»  аясында жергілікті  ақын, сатирик  Жанұзақ Жидебайұлы  Қожабергеннің шығармашылығына арналған «Бала көңілі – базар» атты поэзия  сағаты ұйымдастырылды.

  Шараның мақсаты: Ақын шығармалары арқылы өскелең ұрпақ бойына ұлтжандылық сезімін оятып, елінің өнерін бағалауға, оқырман жүрегіне оның ақындық талантын ұялату арқылы поэзияны сүюге, қадірлеуге дағдыландыру. Шараға қаламыздағы Ә.Мүсілімов атындағы №101 мектеп-лицей, «Orda School» оқу орталығының  мұғалімдері мен оқушылары қатысты. Шарада қатысушылар ақынның балаларға арналған тағылымдық туындылары мен аудармаларын жатқа оқып,  «Алдар Көсе мен шайтан»  әңгімесі бойынша  көрініс қойды. Шара барысында «Мен де перзентімін – Сыр ананың» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, жазушының өмір жолы мен шығармашылығына арналған слайд көрсетілді.




 
18 қараша 2021 ж. 12:27
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз:
x