«Айбыны асқақ, тұғыры биік тәуелсіз Қазақстан» атты кітап көрмесі

   2021 жылдың  25 қараша күні облыстық колледж білім алушылары мен оқытушыларының Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай  «Тәуелсіздік – мәңгілік ел тірегі» тақырыбындағы    форумына  Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Айбыны асқақ, тұғыры биік тәуелсіз Қазақстан» тақырыбында кең көлемді кітап көрмесін ұйымдастырды.

   Көрменің басты мақсаты: Ата - бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, Тәуелсіздік  алғаннан кейінгі Қазақстанның дербес мемлекет ретінде қалыптасу тарихына шолу жасау, тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың кемел саясаты мен ерен еңбегі арқасында еліміздің жеткен жетістіктері мен рухани игі өзгерістер белесін көпшілікке таныту, тәуелсіздігімізді паш ету.

   Көрмеге еліміздің қалыптасуы мен дамуын баяндайтын кітапхана қорындағы қазақ және орыс, ағылшын тілдеріндегі 200 - ден астам әдебиеттер  мен фотосуреттер қойылды. 

  Көрменің «Тәуелсіздік және Елбасы»  бөлімінде  ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың егемен елімізді құру, қалыптастыру және дамыту жолындағы тарихи ролін айшықтайтын, бейбітшілік пен келісімді, қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі жасампаз идеялары жайлы кітаптар орналасты.




 
26 қараша 2021 ж. 19:49
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: