«Көш бастаған Елбасы» атты кітап көрмесі

    Ә.Тәжібаев атындағы облыстық  әмбебап ғылыми кітапханасында 29 қараша күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін мерекелеу аясында «Көш бастаған Елбасы» атты кітап көрмесінің ашылу салтанаты өткізілді. Іс-шараның мақсаты – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев және оның тәуелсіз гүлденген мемлекет құру мен дамуындағы тарихи рөлі туралы әдебиеттерді насихаттау.

   Кітап көрмесі 4 бөлімнен тұрады: «Үшқоңыр балалық шағымның аспаны», «От жалынды шыңдалу», «Дәуірдің дара тұлғасы», «Елбасы еңселеткен Елорда».

  Шара барысында Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы туралы бейнебаян көрсетіліп, Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесі жайындағы қызықты деректер оқырман назарына ұсынылды. Көрмеге Елбасының әр жылдары жарық көрген кітаптарымен қатар кітапхана қорынан алынған баспа материалдары мен фотосуреттер қойылды. Көрмеге Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ЗК-169/5 мекемесінің қызметкерлері қатысты.





 
29 қараша 2021 ж. 17:19
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: