«Ұшқыр ой-алаңы» атты дебат26 қаңтар күні балалардың кітап оқуға деген қызыгушылығын және зияткерлік, шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатында «Ұшқыр ой-алаңы» атты дебат ұйымдастырылды. Шарада балалардың кітап оқуы және кітапқа деген қызуғышылығы жайлы әңгіме өрбіді. Дебатқа № 143 қазақ орта мектеп оқушылары екі топқа бөлініп қатысты. Бір топ « Жақтаушы», екінші топ «Даттаушы» болды. Қатысушылар белсенді пікір алмасып, білімнің бастау көзі саналатын кітапқа деген құрметті өздерімен қатар достарының тарапынан көруді қалайтындарын жеткізді. |