«Ісмер» үйірмесінің ашылуы

  31 қаңтар күні «2022 жыл  – Балалар жылы» аясында Ә. Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында  «Ісмер» үйірмесі ашылды.

 «Ісмер» үйірмесінің мақсаты: қолданбалы өнер негіздері арқылы балалардың  шығармашылық қабілеттерін дамыту мен түрлі материалдардан жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

  Үйірменің алғашқы күні   балаларға қазақтың қолданбалы өнер бұйымдарын жасаудың технологиялық тәсілдері жайлы шеберлер   мәлімет берді. Шараға Б. Шалғынбаев атындағы №217 ІТ-мектеп-лицейдің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Г. Рисманбетова және кітахана оқырмандары қатысып, өз туындыларының жасалу жолдарын таныстырды. Шара соңында  қатысушылар қолөнерге  арналған әдебиеттермен танысты.




 
31 қаңтар 2022 ж. 13:23
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: