«Ұлылықтың отын жаққан шырақшы» атты әдеби кеш

   8 сәуір күні кітапханада«Бір ел – бір кітап»  республикалық акциясы аясында мемлекет қайраткері, ғалым, ағартушы, ақын А. Байтұрсынұлының  150 жылдығына  арналған «Ұлылықтың отын жаққан шырақшы» атты әдеби кеш ұйымдастырылды.

  Шараның мақсаты: қазақ әліпбиінің реформаторы, көрнекті ақын, аудармашы, ағартушы - Ахмет Байтұрсынұлының  өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат беріп,  оның туған халқы үшін аянбай еткен еңбегі туралы айту,  ұлтжанды  ұрпақ  тәрбиелеу.

   Шараға Ә. Мүслімов  атындағы №101 мектеп- лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті  пәнінің мұғалімі   Г.Байдилдаевамен оқушылары және Т. Есетов атындағы №264 мектеп-лицейінің, А.Байтұрсынов атындағы №211 орта мектептің  оқушылары қатысты. Шараға қатысқан балалар   бір естігенде-ақ көңілге қона кетіп,ойыңа ұялай қалатын әрі бейнелі, әрі мағналы сөз үлгісімен ерекшеленген А.Байтұрсынұлының өлеңдерін жатқа оқыды.Ұлы ағартушының  «Қазақтың бас ақыны» деген көлемді мақаласына,  аудармаларына тоқталып,  «Аққұм» әнін орындады.  Шара соңында қатысушылар «Қазақ руханиятының көсемі» атты кітап көрмесімен танысты.




 
08 сәуір 2022 ж. 15:40
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: