«Адам өмірінің арашасы» атты сұхбат

    11 сәуір күні адам өмірін аман сақтап, өз жұмысын адал атқарып жүрген ақ халатты абзал жандар мен өрт сөндірушілердің ерен еңбегін насихаттай отырып, жастар бойында адамгершілік, патриоттық тәрбие беру мақсатында «Адам өмірінің арашасы» атты сұхбат кеші ұйымдастырылды.

     Шараға  Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар демпартаменті «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі «ММ 5 өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары азаматтық қорғау капитаны Н.Абибулллаев, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар демпартаменті «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі ММ «жедел құтқару» жасағы басшысының орынбасары құтқарушы М. Доспенбетов және №3 қалалық емхана маманы А.Байжігітова қатысты.

    Кеш барысында ерлік пен батырлықты өн бойына жинаған, адам өміріне қауіп төнген жағдайда еш нәрседен тайсалмайтын қазіргі заманның батырына айналған өрт сөндірушілер жайында сөз қозғалды. Және өртті сөндіру,  төтенше жағдайларды жою, адамдарды құтқару барлық уақытта аса үлкен маңызға ие болатыны айтылды.



 
11 сәуір 2022 ж. 18:29
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: