«Сүйікті кітаптар ізімен»

    14 сәуір күні  «Жылдық үздік оқырманы» жобасы аясында Сүйікті кітаптар ізімен» атты әдеби оқу ұйымдастырылды. Шараның мақсаты: Балалардың  көркем әдебиетке деген қызығушылықтарын  арттыру  және оқу мәдениетін қалыптастыру. Шараға  Жамбыл атындағы №120 орта мектебінің, К. Қаракөзов  атындағы №235 орта мектебінің, Ә.Мүсілімов  атындағы    №101мектеп-лицейінің, №278 ІТ-мектеп-лицейінің, С.Сейфулин атындағы №4 ІТ-мектеп-лейцейінің, Абай атындағы үш тілде оқытатын  дарынды балаларға арналған мамандандырылған сыныптары бар  мектебінің оқушылары қатысты.                    

   Шарада қатысушылар өздерінің  оқыған С.Мұратбековтың  «Жусан иісі»,  «Жабайы алма», Д.Свифттің  «Гуливердің саяхаты», С.Бегалиннің  «Мүсінші мысық», Б.Соқпақбаевтың  «Менің атым Қожа», С.Досжанның  «Қасірет пен тағдыр», М.Әуезовтың «Қорғансыздың күні»,  «Абай жолы» романы, Ә.Нұршайықовтың «Махаббат қызық мол жылдар», О.Бөкейдің «Апамның астауы», Ә.Таразидің « Ауыл шетіндегі үй», С.Мұқановтың «Ботагөз», М.Қабанбаевтың  «Бақбақ басы толған күн», А.Линдгренттің «Балақай және шатырда тұратын Карлсон», Т.Әбдіковтің «Оң қол»   шығармаларына тоқталып,  алған  әсерлері жайлы  бөлісті.





 
14 сәуір 2022 ж. 10:29
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: