Танымал тұлғалар

    «Танымал тұлғалар» айдарымен еліміздің басты символы - Мемлекеттік Елтаңбаның, Алматыдағы Тәуелсіздік монументінің авторы, сәулетші, ақын, ғалым әрі қоғам қайраткері Шота-Аман Уәлихановтың туғанына 90 жыл және әнші, сазгер, біртуар дарын иесі Батырхан Шүкеновтің туғанына 60 жыл толуына арналған кітап көрмесі дайындалды. Шот-Аман Уәлиханов өзге де әріптестерімен бірге  еліміздегі көптеген ғимараттардың, монументтер  және  жиырмадан  астам ескерткіштің, сонымен қатар ҚР президенті байрағының, Қазақ Ұлттық ғылым академиясының, Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау қоғамының эмблемаларының да авторы.

    Батырхан Шүкенов - отандық және ресейлік эстрадада қатар танылған біртуар талант иесі, әнші, музыкант. Ол әншілігінен бұрын, аса білімді музыкант еді. Саксофонын арқалап бармаған жері қалмады, өзіне ғана тән ерекше мәнерін қалыптастырды.

   Кітап көрмесіне танымал тұлғалардың өмірі мен шығармашылығы жайында мәліметтер беретін әдебиеттер, журналдар, суреттер және замандастарының олар туралы айтқан естеліктері қойылды.




 
29 сәуір 2022 ж. 16:29
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: