«Өмірге ғашық болу» кітабы3 мамыр күні кітапханада «Отбасы хрестоматиясы» сериясымен шыққан «Өмірге ғашық болу» кітабына онлайн шолу жасалды. Кітапта Санжар Керімбайдың логотерапия идеясында жазылған мақалалары жинақталған. Автор ғылымдағы ауыр түсінік пен терминді қазақы формада тілге жеңіл етіп, қарапайым әңгіме жанрында түсіндірген. Бүгінгі күні Франкл Юнг сияқты психологтардың идеясы қоғамға қажетті мәселелерді қозғайды. |