«Мәдениет – өмір айнасы» атты кітап көрмесі

   20 мамыр күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 21 мамыр – мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай «Мәдениет – өмір айнасы» атты кітап көрмесі дайындалды.

  Сала қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған кітап көрмесіне ел мәдениетінің қалыптасуына қызмет жасаған танымал тұлғалар, сонымен қатар мәдени-тарихи құндылықтарды сақтауға бағытталған әдебиеттер мен мерзімді басылымдар қойылды. Көрме «Мәңгі өшпес өнер иелері», «Музыка халықтың рухани қазынасы», «Театр-тәңірім, кино-іңкәрім», «Қылқалам ғажайыптары» және «Сыр елі өнері мен мәдениеті» атты бөлімдерден ұйымдастырылды.




 

20 мамыр 2022 ж. 12:43
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: