KITAPKHANA.KZ
kz ru

«Сүйіспеншілік жүректен» атты мерекелік кеш

    24 мамыр  күні «2022 жыл -Балалар жылы» аясында әлеуметтік қорғаусыз балалардың қоғамда бейімделуіне және  мейірімділік, ізгілік, жанашырлық,  қуаныш сыйлау мақсатында «Сүйіспеншілік жүректен» атты мерекелік кеш ұйымдастырылды.

   Шараға қаламыздағы №2 облыстық балаларды  оңалту орталығының, №5көру қабілеті бұзылған балалардың  арнайы (түзету)  мектеп-интернатының, №7 Арнайы түзету мектеп-интернатының және үйден  әлеуметтік қызмет көрсету бөлімінің тәрбиеленушілері қатысты.

  Шара барысында Т.Есетов атындағы мектеп-лицейінің, №1 мектеп- гимназиясының, №282 мектеп-лицейінің оқушылары, орталық тәрбиеленушілеріне, Ыбырай Алтынсариннің «Дүниеде жамандық неден» атты әңгімесі бойынша қойылым қойып,  ән мен жырдан шашу шашты.





 
24 мамыр 2022 ж. 17:34
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз:
x