«Ахмет Байтұрсынов тағылымы» атты дөңгелек үстел

       25 мамыр күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Алаштың рухани көсемі Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына арналған  «Ахмет Байтұрсынов тағылымы» атты  дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Мақсаты – ұлы тұлғаларымызды ұлықтап, оқырман бойына адамгершілік қасиеттерді  сіңіру, тәрбиелеу.

   А.Байтұрсынұлына арналған дөңгелек үстелдің студентерге және тыңдарман қауымға беретін танымдық, тағылымдық және тәрбиелік мәні зор болды. Ұлт көсемі А.Байтұрсынұлының қазақ халқының руханияты үшін жасаған орасан зор еңбегі студенттерге кеңінен насихатталды. Бұл дөңгелек үстелде Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің  профессоры, экономика ғылымдарының кандидаты Қ.Құдайбергенов Ахмет Байтұрсыновтың  қазақ халқының әлеуметтік өмірі мен мәдениетінде Қазан төңкерісіне дейін де, одан кейін де аянбай адал қызмет еткен ірі қайраткер, үлкен талант иесі, тарихта орны ерекше зор тұлға екендігін атап айтты.  Ал, №271 орта мектептің мұғалімі А.Жакешова «Ұлттың тінін жалғаған ғалым» атты тақырыпта баяндамасын жасады. Дөңгелек үстелге қатысқан М.Ықсанов атындағы Қызылорда политехникалық колледж студенттері шарадан алған әсерлерімен бөлісіп, өз ойларын білдірді.




 
25 мамыр 2022 ж. 18:05
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: