«Қасиет тұнған қастерлі құндылықтар»3 маусымда облыстық кітапхана ҚР мемлекеттік рәміздер күніне 30 жыл толуына орай «Қасиет тұнған қастерлі құндылықтар» атты тақырыптық кеш ұйымдастырды. Іс-шараның мақсаты оқырмандарға ҚР Мемлекеттік рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсінік беру, отансүйгіштікке, адамгершілікке, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге тәрбиелеу. Іс-шараға «Рухани жаңғыру» орталығының ұйымдастыру-жобалау жұмысы бөлімінің басшысы Шакизат Қаратайұлы және осы бөлімнің бас маманы Қ.Жақсылық, М.Ықсанов атындағы политехникалық колледжі және «Өркениет» медициналық колледжінің студенттері қатысты. Қатысушылар Қазақстан Республикасының әнұранын орындады. |