«Жазғы кітап марафоны»

    «2022 жыл - Балалар жылы» аясында Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Жазғы  кітап марафоны» атты көгалдағы кітапхана ұйымдастырылды.

    Мақсаты: жас оқырмандардың жазғы демалыс уақытын тиімді пайдалана отырып, білімін жетілдіруге үлес қосу, оларды кітап оқу мәдениетіне баулу, оқу және ойын арқылы баланың ой-өрісін дамыту. Көгалдағы кітапханаға «Dimash academ Kids» білім беру орталығының үйірме мүшелері мен №268 мектеп-лицейінің оқушылары қатысып, «Білгенге маржан», «Мақал сөздің мәйегі», «Сұрақ - жауап» ойындарының барысында өз білімдерін, логикалық ойлау қабілетін жеткізе білді.

    Іс-шараға қатысушылар өздерінің оқыған С.Мұратбековтың  «Жусан иісі»,  Д.Свифттің  «Гуливердің саяхаты», Б.Соқпақбаевтың  «Менің атым Қожа»,М.Қабанбаевтың  «Бақбақ басы толған күн», А.Линдгренттің «Балақай және шатырда тұратын Карлсон» сияқты шығармаларына тоқталып,  алған  әсерлері жайлы  бөлісті.





 
03 маусым 2022 ж. 11:14
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: