10 маусым күні күй абызы Әлшекей Бектібайұлының туғанына 175 жыл толуына арналған «Дүлдүл күйші-Әлшекей» атты кітап көрмесі дайындалды. Сыр елінің Тәттімбеті атаған Әлшекей 100-ге тарта күй шығарса, кезінде оның 60 күйі елге жайылған, бірақ оның жиырма шақты күйі ғана бізге жетіп үлгерген. Бүгінде Әлшекейдің «Тоқырау», «Нарсоққан», «Егес», «Терісқақпай», «Отарба» сынды күйлері еліміздің танымал күйшілерінің репертуарларына енген. Атағы Сыр мен қырды жайлаған дүлдүл күйші-сазгер Әлшекей Бектібайұлы 1932 жылы 85 жасында Тәжікстанның Душанбе қаласы Шарабай ауданындағы «Жуан» қыстағында дүние салады.
Әлшекей мұралары мен өмірін көпшілікке жақын таныстыру мақсатында дайындалған кітап көрмесіне абыз күйші жайында жазылған анықтамалық басылымдар, энциклопедиялық жинақтар, кітаптар мен мерзімді басылымдар қойылды.