14 маусым күні Арт-студия оқушылары үшін тұрмыстық қалдық материалдардан мүсін жасаудан шеберлік сабағы ұйымдастырылды. Қалдық материалдармен жұмыс жасау балалардың қиялын дамытуға, шығармашылықпен еңбек етуге көп септігін тигізеді. Мұндай шаралар баланы ұқыптылыққа үйретіп, зейінділікті талап етеді.
Шеберлік сабақ барысында картон қағаз, қиынды маталар, сым пайдалана отырып, балалар бақшаға, үй ауласына арналған түрлі мүсіндер жасап үйренді.