KITAPKHANA.KZ
kz ru

Әлди, әлди айттың ба?

 22 қараша күні жастарға  салт-дәстүр құндылықтары туралы әдебиеттерді насихаттау, тұрмыс-салт жырларының көне түрі - бесік жырының мән-мағынасын ашып көрсету мақсатында «Әлди, әлди айттың ба?» тақырыбында әдептілік сабағы өткізілді. Шараға Тасбөгет кентіндегі С.Майқанова атындағы Мәдениет үйі жанынан құрылған «Бастаңғы» әжелер ансамблі мүшелері қатысып, бесік жыры туралы толық мәліметтер берді. Әлемде бесік жыры айтылмайтын халық жоқ. Ұлттық тәрбиенің кәусар бұлағы саналатын ауыз әдебиетінің бұл түрінде халықтың төл мәдениетінің, дүниетанымының көрінісі бар. Сондай-ақ қатысушыларға бесік жырының дәстүрлі үлгілеріне тоқтала отырып, түрлі нұсқалары ұсынылды. Шара барысында «Бастаңғы» әжелер ансамбль мүшелері бірнеше әндер орындады. Ұлттық салт-дәстүрлер туралы әдебиеттерден кітап көрмесі дайындалды.
22 ноябрь 2023 г. 17:47
0 просмотров
Добавить комментарий
Ваше имя: *
E-mail: *
Текст комментария:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Введите код:
x