Өнерге арналған бес минут

          18 қаңтар күні өнер бөлімінің қорына келіп түскен жаңа әдебиеттерден кітап көрмесі дайындалды. Көрмеге музыка, театр және бейнелеу саласы бойынша түскен жаңа басылымдар қойылды. Оқырмандар үшін ақын Ш.Сариевтің өлеңдеріне жазылған «Айналдым сенен, атамекен-ай» жинағы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, академик Д.Тұранқұлованың «Көркемсөз оқу шеберлігі», М.Байсеркеновтің «Қойылым және қолтаңба», А.Құлбаевтың «Актер шеберлігі», «Әдеп әлемі»,  «Сахна қозғалысы пәнінің негіздері» оқулықтары  сахна өнерін таңдаған өнерпаздарға таптырмас көмекші құралдар болып табылады.
      Сонымен қатар дарынды жастар назарына Қ.Қуандықовтың «Театрда туған ойлар» сын мақалалары, Қ.Халықовтың «Қазіргі заман өнеріндегі адам болмысы»,  А.Наймантаевтың «Алтын тордан шыққан ән» атты пьесалар мен интермедиялар жинағы, Б.Нурумовтың «Бейнелеу өнеріндегі кеңістіктік көріністерді дамыту» оқулығы ұсынылып отыр.
18 қаңтар 2024 ж. 10:37
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: