KITAPKHANA.KZ
kz ru

«Шәкәрім оқулары» /облыстық байқау/

12 наурыз күні облыстық кітапханада ІІI Республикалық «Шәкәрім оқулары» байқауының облыстық кезеңі ұйымдастырылды.
Байқаудың мақсаты – ақын Ш.Құдайбердіұлының шығармашылығындағы тұлғалық қасиеттерді, адами құндылықтарды балалар мен жасөспірімдер арасында насихаттау.
Шараға аудан мектептері арасында өткен байқаудың жеңімпаздары қатысып, ақынның өлеңдерін жатқа оқыды. Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығына арналған сұрақтарға жауап беріп, берілген өлең үзінділері мен шумақтарын талдады.
Қазылар алқасының шешімімен бас жүлдені Жаңақорған ауданы М.Қаратаев атындағы №51 орта мектептің 5-сынып оқушысы Б.Оразбек, бірінші орынды Жалағаш ауданы З.Жарқынбаев атындағы №202 орта мектептің 7-сынып оқушысы Н.Жұмағали, екінші орынды Арал аудандық оқушылар үйінің «Сахна тілі» үйірмесінің мүшесі А.Базарбай, үшінші орынды Қазалы ауданы №276 мектептің 5-сынып оқушысы Н.Мұстафа иеленді.
Байқау жеңімпаздары арнайы дипломмен, алғыс хаттармен марапатталды. Байқау жеңімпазы Б.Оразбек наурыз айында ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының ұйымдастыруымен өтетін республикалық «Шәкәрім оқулары» байқауына жолдама алды.

12 наурыз 2025 ж. 18:47
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:

0
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз:
x