«Бір халық, бір ел, бір тағдыр» 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні. Айтулы мереке Елбасымыздың 1996 жылғы қабылдаған Жарлығын қабылдағаннан бері тойланып келеді. 130-дан астам ұлт өкілдері мен ұлыстары тату-тәтті тұратын еліміз үшін бұл күннің маңызы зор. 1995 жылы Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды. Сондықтан да ынтымағы мен бірлігі жарасқан, татулықтың тірегі болған Қазақстанда барлық ұлт өкілдері 1-ші мамырды ерекше атап өтеді.
Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының балалар әдебиеті бөлімі 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күніне және Қазақстан Ассамблеясының 20 жылдығына орай «Бір халық, бір ел, бір тағдыр» атты мерекелік шара өткізді. Мақсаты: жас ұрпақты Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу. Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет- ғұрпын сыйлауға үйрету.
Мерекелік шарада оқушылар Қазақстан, туған жер, халықтар достығына, бірлігіне арналған өлеңдерді мәнерлеп оқып, түрлі ұлттардың әндерін шырқап, билерін орындады. Шараға №23 Ж.Қизатов атындағы мектеп-лицей, №4 С.Сейфуллин және №144 С.Әлжіков атындағы орта мектептердің оқушылары белсене қатысты. Мерекелік шараның көңілді өтуіне «Олимп» балалардың бос уақытын өткізу орталығы мен №4 С.Сейфуллин атындағы орта мектептің «Самұрық» би тобы өз үлестерін қосты.
|