«Ерен туған ер Мәлік»

      30 қыркүйек күні Әәжібаев атындағы әмбебап ғылыми кітапханасының балалар әдебиеті бөлімі  майдангер жазушы, Кеңес Одағының Батыры, ұстаз-тәлімгер, ғалым, академик, филология ғылымдараның докторы, профессор Мәлік Ғабдуллиннің 100 жылдығына арналған  «Ерен туған ер Мәлік» атты ерлік сағатын өткізді.

       Мақсаты:  оқырмандарға Кеңес Одағының Батыры Мәлік Ғабдуллин өмірнамасына шолу жасай отырып, әр баланың  еліне, жеріне, тіліне деген сүйіспеншілік сезімдерін батыр тұлғасы арқылы дарыту, өмір жолынан мағлұмат беру, ерліктерін, артында қалдырған өсиет сөздерін үлгі ету, ізденпаздыққа баулу.

        М. Ғабдуллиннің  өмір жолы  халық аузында сақталып, аңызға айналған адам. Оның есімі ел ауызында зор құрметпен аталады. Ол Ұлы Отан соғысына  қатысқан. Оның адал ісі, ерлігі,  еңбек-қорлығы - патриоттық сөзінің шынайы үлгісі.

        Ерлік сағатына  №140 орта мектептің 6-8 сынып оқушылары қатысты.

       Шараға қатысушылар жазушы туралы өлеңдер оқып, Отан, туған жер туралы патриоттық  әндер айтты, сахналық қойылым, бейне-баянды тамашалады. Шара соңыңда оқырмандар М.Ғабдуллиннің шығармашылығына арналған  «Ұрпаққа үлгі азамат» атты кітап көрмесіндегі  әдебиеттерімен танысты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 


30 қыркүйек 2015 ж. 17:11
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Код: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз
Кодты енгізіңіз: