DataLife Engine > Жаңалықтар > «Жырлайды жүрек» Файзулла Сахиевтің шығармашылық кеші

«Жырлайды жүрек» Файзулла Сахиевтің шығармашылық кеші


30-03-2016, 15:39
Автор: akbota

2016 жылдың 30 наурызында ақын, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Халықаралық жазушылар одағының мүшесі Файзулла Сахиевтің  шығармашылығына арналған  «Жырлайды жүрек» атты әдеби шығармашылық кеш ұйымдастырылды.

Кештің мақсаты: жас буынға облыс аумағындағы ақындардың шығармашылығымен таныстыру.

Файзулла Пәзілбекұлы 1948 жылы Жаңақорған ауданы, «Бірлік» кеңшарының Қосүйенкі ауылында  туылған. 1971 жылы ҚазМУ-дың журналистика факультетін бітірген, 1974 жылдан Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.

Еңбек жолын аудандық «Коммунизм жолы» («Жаңақорған тынысы») газетінен бастаған. Бөлім меңгерушісі, газет редакторының орынбасары, «Білім» қоғамы аудандық ұйымының жауапты хатшысы, аудандық партия комитетінде нұсқаушы болып, Жаңақорған аудан әкімі аппаратында қоғамдық-саяси бөлімінің бастығы болып қызметтер атқарды. Қазіргі күні Жаңақорған аудандық ардагерлер кеңесінің хатшысы болып жұмыс істейді.

Файзулла Сахиевтің өлеңдері  республикалық, облыстық  баспасөз беттерінде, сондай – ақ, «Жыр - бесік», «Тоғыз перне», «Жүректегі жауһарлар», «Көңіл көзімен» атты жыр жинақтарында, «Күлеміз бе, қайтеміз?» атты сын – сықақ кітабында жарияланған.

Кешке   Қызылорда облысына белгілі ақын-жазушылар қатысып, жазушы, журналист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі А.Сәдібеков, жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Б.Ұзақбаев, Жаңақорған аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы З.Шермағамбетов сөз сөйлеп, «Ақ әжелер» ансамблі, Ә.Бәйкенжеевтер концерттік бағдарламасын ұсынды.

 

 

 

 

 

 

 

 


 

 

 


Вернуться назад